Жаңалықтар

«Үздік библиограф» байқауы өтті

25 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастырумен шығармашыл, талантты, бастамашыл кітапхананың библиограф мамандарын анықтау мақсатында «Үздік библиограф» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 8 үміткер қатысып, үш кезең бойынша бақтарын сынады. 1 кезең «Мен библиографпын». Бұнда PowePoint форматындағы немесе фото презентациясымен сүйемелдене отырып 3 минут көлемінде таныстыру және библиографиялық жұмыстар бойынша комиссия мүшелерінің берген 5 сұрағына жауап беру. 2 кезең «Библиографиялық баспа жұмыстары», яғни өлкетануды насихаттау мақсатында құрастырған библиографиялық баспа құралдарын тапсыру, оған 2 минут көлемінде қысқаша түсінік беру. 3 кезең «Тарихы терең өлкем» атты 5 минут көлемінде өз өлкесінің танымал тұлғалары мен тарихи орындары мен уақиғалары туралы деректердің нақты болуы, сөз сөйлеу шеберлігі, тіл тазалығы ескерілді. Байқау қортындысы бойынша Ережеге сәйкес «Ү...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.09.2024

«Жігері жасымаған жандар» атты байқау өтті

2024 жылдың 24 қыркүйек күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің ұйымдастыруымен, «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында «Жігері жасымаған жандар» атты байқау өтті. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1 кезең: Дербес компьютерде арнайы «Jaws for windows» бағдарламасы арқылы мәтінді жазу. 2 кезең: Саусақ ұшымен сезіну арқылы Қазақстан Республикасының және де басқа мемлекеттердің тиындары мен купюраларының номиналдарын анықтау. 3 кезең: Смартфондағы «Taptapsee» арнайы қосымшаның көмегімен берілген заттарды анықтау арқылы рет-ретімен жинастыру. 4 кезең: Өзінің сүйікті ақын жазушысының өлеңін мәнерлеп оқу. Байқауға бөлімнің 6 зағип оқырмандары қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсетті. Байқаудың І дәрежелі дипломымен Дәуен Алғысбек, ІІ дәрежелі дипломымен Даркенбаев Аликен, ІІІ дәрежелі дипломымен Қапанов Қуаныш марапатталды. Байқауға қ...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.09.2024

«Ғибраты мол өнегелі тұлға» атты еске алу кеші өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында белгілі қаламгер Тұрсын Әбдуәлиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Ғибраты мол өнегелі тұлға» атты еске алу кеші өтті. Кеш барысында, аталмыш қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы презентацияда Тұрсын Әбдуәлиевтың Көксу ауданындағы Мұсабек ауылының тумасы екендігін және саяси ағарту үйінің меңгерушісі, облыстық телевизия және радио коммитетінің төрағасы, сондай-ақ аудандық, облыстық газеттердің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, облыстық «Октябрь туы», «Жерұйық» газетінің бас редакторы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі сынды қызметтерде болғандығы көрсетілді. Сонымен қатар, “Батырлық - жүректен” атты кітап көрмесіне «Өмір өрінде», «Наркескен», «Тағылым», «Бақтыбай ақын» сияқты кітаптары қойылып, таныстырылды. Шараға Innoverse мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Тұрсын Әбдуәлиевтің туындыларына қанық бо...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.09.2024

«Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті

Бүгін кітапхана шаңырағында кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани, интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында «Kitap Time - 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Фестивалдің алғашқы құттықтау сөзін Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы директорының орынбасары Мадина Баймендинова оқырмандарға жылы лебізін білдіре отырып, кітап фестивалі қатысушыларына қызыққа толы әртүрлі бағдарламалар әзірленгенін айта кетті. Фестивальге арнайы келген Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Janr Жетісу әдеби клубының президенті Есболат Айдабосын мен ақын Ербол Оразбеков оқырман қауымға кітаптың маңыздылығын айтып, кітапханаға жиі келуге шақырды. Сондай-ақ, Жетісу обылысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Бақберген Асқарбеков және Абылай Қармысов әсем...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.09.2024

«Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті.

Кітапханада жазушы, композитор, суретші, этнограф, музыкатанушы Ілия Жақановтың 88 жасқа толуына орай «Еділ мен Жайық» атты музыкалық кеш өтті. Шара барысында оқырмандарға Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Даласындай дарқан дарын» атты бейне-ролик көрсетілді. Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің ұстазы Төлеутай Серіков баяндамасында Ілия Жақанов туралы кеңінен мағлұмат беріп, жазушы, композитордың шәкірті болғаны жөнінде айтып кетті. Сонымен қатар, жазушы композитордың «Жайлаукөл кештері» атты әнін Дәнеш Рақышев атындағы филормонияны әншісі Гүлнұр Нұрасылова орындаса, колледж оқытушысы Төлеутай Серіков автордың «Аққу» әнін домбырамен орындады. Сондай-ақ, «Бақ жұлдыз» медиа орталығының әншілері Ныққали Айша «Сарыарқа» күйін тарту етсе, Абай Әділбек «Отырардағы той» әнін орындап, оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлады. Шара соңында ұстаз Төлеутай Се...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.09.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика